«ҚазАгро» ауыл шаруашылығы техникаларын алу үшін ЕАДБ-нен 1,5 млрд рубль қарыз алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгроҚаржы» АҚ қазақстандық шаруаларды ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық даму банкінен 1,5 млрд. ресей рублін тартты. Бұл туралы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Өткен айда «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Сейітқасымова мен Еуразиялық даму банкісінің активтер мен пассивтер жөніндегі Басқарушы директоры Дмитрий Ладиков-Роев келісімшартқа қол қойған болатын. Соған сәйкес, Еуразиялық Даму банкі «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына 1,5 млрд. рубль сомасына кредит желісін ашты.

Қаражат бірінші кезекте ЕАДБ қатысушы мемлекеттерінен Қазақстанның ауыл шаруашылығы техникаларын және жабдықтар жеткізуді қаржыландыруға арналған. Шарт талаптарына сәйкес, ЕАДБ қатысушы мемлекеттерінен техника мен жабдық сатып алуға кемінде 80% кредит желісі бөлінетін болады. Оның негізгі бөлігі Ресей Федерациясынан техника мен жабдық жеткізуге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Шарт талаптарына сәйкес, несиелендіру ЕАДБ тікелей қаржыландыруы нысанында теңгемен және рубльмен жүзеге асырылатын болады.

Жоба ЕАДБ миссиясы мен стратегиясына сәйкес келеді. Ол Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасының паркін жетілдіруге және оның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға ықпалын тигізе отырып, еліміздің тұрақты экономикалық тұрғыда өсуіне әсерін тигізеді. ЕАДБ қатысушы мемлекеттерінің арасындағы сауда көлемінің ұлғаюына әкеледі. 

Соңғы жаңалықтар