«ҚазАгро» «Егінжай-2013» бағдарламасы аясында жеңілдіктер беруде

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі еліміздің негізгі астық егу аймақтарында егін жинау науқаны қарсаңында отандық шаруалардың мүмкіндіктерін күшейтуді көздеп отыр. Бұл туралы «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

«ҚазАгро» «Егінжай-2013» бағдарламасы аясында жеңілдіктер беруде

«Егінжай-2013» бағдарламасы аясында шаруалар үшін осы маусымда қажеттілік туғызатын астық кептіргіш, астық жинау және мақта жинайтын комбайндарды иеленудің жаңа қаржыландыру шарттары, сонымен қатар қолданыста болған ауылшаруашылық техникасының лизингі туралы сөз болуда.

«ҚазАгроҚаржы» ұсынған астық тазарту мен кептіру жабдықтарын жеңілдетілген шарттармен иелену, бұл дегеніміз - бірінші лизингтік төлемді төлеуді 10%-ға дейін төмендетіп, 2013 жылдың 15 қарашасына дейін мерзімін ұзарту. Сонымен қатар, субсидиялау есебінен сыйақы мөлшерлемесі 5,8%-ға дейін төмендейді. Осы шарттар «Егінжай-2013» бағдарламасы аясындағы астық жинау және мақта жинау комбайндарды иелену кезінде де қолданылады. Лизингке аса қымбат емес қазақстандық және ресейлік өндірістегі «Нива», «Енисей», «Essil», «Вектор», «Акрос» комбайндары сияқты астық жинау және осыған сәйкес бағалық пен техникалық сипаттарға ие бидай және мақта жинау техникасы пайдалануға беріледі.