«ҚазАгро» холдингі 2015 жылы 75 инвестициялық жобаны іске асырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2015 жылы 75 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде холдинг басқарма басшысының міндетін атқарушы Дәурен Мақажанов айтты.
«Былтырғы қорытындылар бойынша, жалпы құны 39,3 млрд. теңге болатын 73 жоба жүзеге асырылды. Ал 2015 жылы 75 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған», - деді ол.
Д. Мақажановтың айтуынша, бүгінде холдингтің инвестициялық қоржынына жалпы сомасы 309,1 млрд. теңгені құрайтын 477 жоба енеді. Олардың 365-і іске қосылып, 236-сы өндірістік қуаттылығының 70 пайызына жеткен.