«ҚазАгро» холдингі» АҚ басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Холдингтің басқарма төрағасының орынбасары болып Дәурен Мақажанов тағайындалды. Бұл туралы холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Холдингтің ұжымына жаңа орынбасарды басқарма төрағасы Дулат Айтжанов таныстырды.

Дәурен Сәбитұлы Мақажанов 1980 жылғы 19 наурызда Оңтүстік-Қазақстан облысының Кентау қаласында туған. Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін,  А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әртүрлі жылдары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде: Петропавл қаласындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ филиалында; Алматы қаласында  «АТФ Банк» АҚ;   Астана қаласында  «Альянс Банк» АҚ-да қызмет атқарды. 2011 жылға дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.  Жаңа тағайындалуға дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болды.  

Соңғы жаңалықтар