«ҚазАгро» холдингі Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде ашық отырысын өткізді

bsp; Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының ашық отырысы болып өтті. Онда Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жеміс-көкөніс қоймасын салуға қатысты жобаларды талқылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша біз апта сайын жаңа жобаларды қарастырып, мақұлданған жобалардың жүргізілу барысын, несиелендіру бойынша кезекті траншты ашу мәселесін талқылап келеміз. Ал бұндай ашық отырысты өткізу идеясы Парламент Сенатының депутаттарымен кездесу барысында көтерілген болатын», деді жиынды ашып сөз сөйлеген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков.

Отырыстың күн тәртібінде холдингтің еншілес компаниясы болып табылатын «ҚазАгрофинанс» АҚ ұсынған Қостанай облысы мен Павлодар облысында жеміс-көкөніс қоймасын салу жөніндегі жаңа жоба қаралды. Аталған жобалар ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін қаржы есебінен Холдингтің инвестициялық бағдарламасы шеңберінде жүзеге аспақшы. Атап айтқанда, «Ермек и К» ЖШС жобасы бойынша Павлодар облысында 3 мың тонна жеміс пен көкөністі сақтайтын жаңа қойма салу жоспарланады. Ал «Ақтоғай-Агро» ЖШС жобасы бойынша Қостанай облысында жалпы ауқымы 7 мың 50 тонна көкөніс сақтайтын қойма салу жоспарланған.

Жобаны қаржыландыру үшін холдинг тарапынан бірқатар талаптар да қойылады. Мәселен, ұсыналатын жобаның қосымша қаржыландырылуы 20 пайыз шамасында болуы шарт. Бұдан бөлек, ұсынушының жүзеге асырылатын бағытындағы тәжірибелеріне, жер телімдерінің, техникасының болуына да назар аударылады.

«Жобаны қаржыландыруды мақұлдау үш кезең бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, бірінші кезеңде несие комитетінде, екінші кезеңде «ҚазАгро» холдингінің басқарма отырысында, үшінші кезеңде Директорлар кеңесімен құрылған қоғамдық комиссияда жоба қаралып, содан соң ғана несие бөлуге мақұлданады», деді Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Берік Бейсенғалиев .

Соңғы жаңалықтар