«ҚазАгро» холдингі көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 97 млрд. теңге жұмсауды жоспарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2015 жылдың көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде агроқұрылымдарға, соның ішінде еліміздің астық, көкөніс және мақта шаруашылықтарындағы көктемгі жер жырту жұмыстары нағыз қызған оңтүстік аймақтарына техника беруді бастады. Бүгінгі таңда «ҚазАгроның» несие комитетіне Оңтүстік Қазақстан облысының фермерлерінен 991 млн. астам теңгеге 300 бірліктен артық техника сатып алуға өтінімдер келіп түсті. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Жалпы, «ҚазАгро» көктемгі-егіс жұмыстарына техникалар мен технологиялық жабдықтар сатып алуға өтінімдер саны күннен-күнге бүкіл Қазақстан бойынша өсіп жатқанын алға тартады. Мәселен, республика бойынша, 7,3 млрд. теңгеден астам қаражатқа 1000 бірліктен астам әр түрлі техникалар мен жабдықтар сатып алуға фермерлерден өтінімдер түскен.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы техника сатып алуға өтінімдер санының өсуі қаржыландырудың қолайлығына орай болып отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдаудың арқасында фермерлер техниканы жеңілдікті пайызбен алу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, субсидиялау бағдарламасына сәйкес, мемлекет ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру мөлшерлемесінің 7 пайызын қайтаруды жоспарлап отыр. Сөйтіп, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ғы ауыл шаруашылығы техникасы мен арнаулы техниканың лизингі бойынша ставка 13,4 пайыздың орнына 6,4%құрайды. «Айта кетерлігі, 2014 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған қаржы сомасы жоспар бойынша 10,6 млрд. теңге болғанымен, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 11,2 млрд. теңгеге 1 167 бірлік техника сатып алуды қаржыландырған. Ал 2015 жылы көкөтемгі-егіс жұмыстарының шеңберінде 10,5 млрд. теңгеге жуық сомаға кемінде 1000 бірлік техника сатып алынатыны жоспарлануда. Көктемгі-егіс жұмыстардың шеңберінде диқаншылардың сатып алатын техникаларының басым бөлігі - қазақстандық өндіріс. Атап айтқанда, Семейдегі «СемАз»автоқұрастыру зауытында жасалып шығарылған - «Белорус» тракторлары екенін атап көрсеткен жөн.Өз кезегінде, техникаға арналған қосымша жабдықтар АҚШ-тан ғана емес, Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан да сатылып алынады», делінген баспасөз баянында. Тұтас алғанда, «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобы 2015 жылдың көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге бүкіл қаржыландыру көздері есебінен 97 млрд. теңге қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Осы соманың шеңберінде «ҚазАгро» егіс жұмыстарын жүргізуге республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру үшін бюджеттік несиелендіру есебінен 34 млрд. астам теңгеге екінші деңгейлі банктерді қорландырады», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар