«ҚазАгро» холдингін Берік Бейсенғалиев басқарады - ҚР Премьері
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - «ҚазАгро» ұлттық холдингінің төрағасы болып Берік Бейсенғалиев тағайындалады,
деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.
«Берік Бейсенғалиевпен әңгімелестім. Бүгін оны «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы етіп тағайындау туралы қаулыға қол қоямын», - деп жазды К.Мәсімов өзінің Twitter -дегі жеке бетінде.
«ҚазАгро» холдингінің бұрынғы басшысы Асылжан Мамытбеков Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.
Б.Бейсенғалиев осы уақытқа дейін «ҚазАгро» басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.