«ҚазАгро» холдингінің компаниялар тобы көктемгі егіс жұмыстарын несиелеуге 124 млрд. теңгеге жуық қаржы бөледі

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «ҚазАгро» Ұлтық холдингінің компаниялар тобы көктемгі егіс жұмыстарын несиелеуге 123,9 млрд. теңге бағыттайтын болады.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталмыш холдингтің басшысы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, бұл соманың 104 млрд. теңгесі Ұлттық қордың қаржысы есебінен бөлінген инвестициялық бағдарламалардың уақытша бос қаржысы, ал 6,6 млрд. теңгесі мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға және ауылдағы несиелік серіктестіктерді несиелеуге бөлінген республикалық бюджеттің қаржысы. Ал 13,3 млрд. теңгесі «ҚазАгро» холдингінің еншілес акционерлік қоғамдарының тартқан жеке қаржысы. «Бұл Агроөнеркәсіп» кешеніндегі жеке бизнеске көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттің көрсетіп жатқан теңдессіз көмегі», - деді А. Мамытбеков. Оның айтуынша, саладағы жеке бизнес үшін несие жылдық үстемақысы 12 пайызбен берілетін болады.
Соңғы жаңалықтар