«ҚазАгро» кәсіпкерлерге көмектеседі
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» холдингі көктемгі егіс науқанына 14 млрд. теңге несие бөледі. Бұл жайында бүгін өзінің Твиттерінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«ҚазАгро» ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы кепілдігімен көктемгі егіс жұмыстарына 14 млрд. теңге көлемінде несие береді»,- дейді министр.