«ҚазАгро/ҚазФерма-2012» ІІІ Қазақстандық Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың күзінде Қазақстанның «ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясы және IFWexpo халықаралық көрме компаниясы ҚазАгро/ҚазФерма-2012 ІІІ Қазақстандық Халықаралық ауыл шаруашылығының көрмесін өткізеді.

«ҚазАгро/ҚазФерма-2012» ІІІ Қазақстандық Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді

Көрмеге Австрияның, Беларусьтің, Бразилияның, Германияның, Италияның, Канаданың, Оңтүстік Кореяның, Нидерландының, Польшаның, Ресейдің, АҚШ-тың, Түркияның, Украинаның, Францияның және Қазақстанның аграрлық өнеркәсібінің 200-ден астам компаниясы қатысады деп күтіледі. Көрменің қатысушылары мен меймандары үшін ұйымдастырушылар өнімдерді аумағы 14 000 мың шаршы метр  болатын алаңда орналастыратын болады.

Сонымен қатар, шара аясында мазмұнды іскерлік бағдарламалар өткізу де жоспарда бар.