«ҚазАгро» компаниялары 2014 жылы 19,3 млрд. теңгені құрайтын 16 жаңа жылыжай кешендерін пайдалануға бермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 11 га жер ауданын құрайтын ең ірі жылыжай кешені өз жұмысын ағымдағы жылы наурыз айының ортасында бастағалы тұр.

«ҚазАгро» компаниялары 2014 жылы 19,3 млрд. теңгені құрайтын 16 жаңа жылыжай кешендерін пайдалануға бермек

Бұл туралы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары технологиялық «Аделя» ШҚ ЖК кешеніне «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрамындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2,1 млрд. теңге инвестициялады. Көкөніс өсірумен 140-қа жуық мамандар айналысады. Өндірістің пайдалануға берілуімен осынша адам арнайы оқудан өтіп, жұмыспен қамтамасыз етілуі жоспарлануда. Республикамызда «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобы 2008 жылдан бері жылыжай кешендері желісін құру және дамыту бойынша жобаларды қаржыландыруда. Агроөнеркәсіптік кешендегі аталған бағытты қолдау қаржыландырудың түрлі көздерінен жүзеге асырылады, соның негізгісі Ұлттық қордан бөлінген қаржы арқылы болмақ. Жабық жерде көкөніс өсіру бойынша алғашқы өндірістік кешен құрылысы басталғаннан бері холдинг компанияларын жалпы сомасы 33,5 млрд. теңгені құрайтын 37 түрлі жылыжайлардың қаржыландырылуын мақұлдады. Олардың жиынтық жер көлемі 125,6 га құрайды, ал өндіріс қуаттылығы - жылына 50,1 мың тоннаға дейін өнімдер өндіруді қамтамасыз етеді. Қаржыландыру бағдарламаларының басты әкімшісі өндірістік негізде тәріздес кешендер құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыратын «ҚазАгроҚаржы» АҚ болып табылады. Холдинг құрамындағы басты компания - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры микронесиелендіру бағдарламалары шеңберінде орта және шағын шаруашылықтарда аз шығынды және отбасылық үлгідегі жылыжайларға қатысты қолдауды жүзеге асырады. Бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық холдингі еншілес компанияларымен 14,2 млрд. теңге сомасына 21 жоба пайдалануға берілді. 2014 жылы 61,3 гектар жерде 27 мың көкөніс өнімдері мен көшеттер өндіруге мүмкіндігі бар, 19,3 млрд. теңгені құрайтын 16 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.