«ҚазАгро» құрамындағы қаржы институттары біріктірілуі мүмкін - Д.Айтжанов

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрамындағы кейбір қаржы институттарын біріктіруі мүмкін. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Дулат Айтжанов мәлім етті.

«ҚазАгро» құрамындағы қаржы институттары біріктірілуі мүмкін - Д.Айтжанов

«Біз холдинг жұмысын «бір терезе» принципі бойынша қалыптастырамыз және де таяу арада «ҚазАгро» холдингінің құрылымына енетін бірнеше қаржы институттарын біріктіруді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Оның айтуынша, «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты компанияның құрылымына енетін инвестициялық активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады.