«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ: инвестициялық жобаларды қаржыландырудың жаңа тетіктері

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 19 шешімімен жаңа «Суару жүйесін қолдану арқылы жеміс-көкөніс, техникалық және майлы дақылдардың өндірісін дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру қажеттігінің негіздемесі» бекітілді. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарлады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ: инвестициялық жобаларды қаржыландырудың жаңа тетіктері

Аталған инвестициялық бағытты қаржыландырудағы жаңалық - жабдықтарды қаржыландыру тізіміне жаңбырлату жүйелері, сондай-ақ жобаларды республиканың барлық аймақтарында іске асыру мүмкіндіктері кіргізілді.

Инвестициялық бағытты қаржыландыру бойынша оператор - еншілес компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ болып табылады.

Инвестициялық жоба суару жүйесін енгізуді, сондай-ақ жабдықтаушы жобаның міндетті түрде 1 жылдан астам уақыт бойы агрономиялық және техникалық сүйемелденуін қарастыруы қажет.

Басымдық тұйық бизнес-циклды көздейтін сондай-ақ, өндірісті, алғашқы өңдеуді (жуу, сұрыптау) және буып түюді қарастыратын; ауыл шаруашылығында оң тәжірибесі бар АӨК субъектілері іске асыратын; өнімді экспорттауға бағдарланған жобаларға беріледі.

Әлеуетті қарыз алушыларды несиелеу келесідей шарттармен жүзеге асырылады:

- құрылыс-монтаждық жұмыстарға, жабдықтар мен техникаға, айналым қаражатына сыйақы мөлшерлемесі - жылына 6 пайызбен!

- несиелеу мерзімі - 10 жылға дейін (айналым қаражатына - 4 жылға дейін);

- қоса қаржыландыру - жобаның құнынан 15 пайыздан кем емес;

- кепілдемелік заттың болуы міндетті;

- жеңілдікті кезең - 2 жылға дейін.