«ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2009-2010 жылдары жалпы сомасы 120 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландырады

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2009-2010 жылдары «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ауыл шаруашылығындағы өндіріске бағытталған жобаларды жалпы сомасы 120 миллиард теңгеге қаржыландыруды көздеп отыр,

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2009-2010 жылдары жалпы сомасы 120 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландырады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған сома «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің инвестициялық бағдарламалары шеңберінде Ұлттық қордан бөлініп отыр. Еске сала кетейік, инвестициялық бағдарламалар импорт алмастыруға және Агроөнеркәсіптік кешенінің экспортқа бағдарланған жаңа секторларын дамытуға бағытталған. Ол мынадай 11 бағыттан тұрады ? жылыжай шаруашылығы, көкөніс қоймалары, құс фабрикалары, тауарлы-сүт фермасы, инфрақұрылымы дамыған бордақылау алаңдары мен қасапқана пункттері желілерін дамыту, сондай-ақ тамшылап суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдарының өндірісі, белокты ет пен вакуумды орамалардағы ірі кесек турамалар шығаратын етті қайта өңдеу кешенін ұйымдастыру, биязы жүн өндірісі мен қайта өңдеуді дамыту, ауыл шаруашалық техникасын жасау өндірісін құру және қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту.