«ҚазАгро» ұлттық холдингі басқарма төрағасының орынбасары сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Айдарбек Ходжаназаров «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлады холдингінің баспасөз қызметі.

«ҚазАгро» ұлттық холдингі басқарма төрағасының орынбасары сайланды

Айдарбек Асанұлы Ходжаназаров 1983 жылы 26 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген.

Қазақ Халықаралық Университетін, Данди қаласының Университетін (Шотландия) бітірген.

Еңбек қызметін 2006 жылы «ТұранӘлем» банкінде бастады.

БТА Банкте Islamic Banking басқармасының бастығы, Дубайда, БАӘ-де БТА Банкі өкілдігінің басшысы болып қызмет атқарды.

2009 жылдан бастап «APK «Olzha Holding» құрамына кіретін компаниялар тобында басшылық қызмет атқарды және холдингтің стратегия және келешектегі даму мәселелеріне жетекшілік етті.

2015 жылғы 24 маусымнан бастап - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.