«ҚазАгро» журналистерге конкурс жариялайды

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ агроөнеркәсібі тақырыбына арналған үздік ақпараттық және аналитикалық материалдарға  «АГРО PR-2012» конкурсын жариялайды.

«ҚазАгро» журналистерге конкурс жариялайды

Бұл туралы «ҚазАгро» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы жарияланған конкурста «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің белгілі экономикалық шолушысы Сұңғат Әліпбай жеңімпаз аланған болатын. Сондай-ақ басқа да жүлделі орындар «Эксперт Казахстан» журналы, «Хабар», «СТВ» телеарналары, «Костанайские новости», «Айқын», «Корпорация», «Агрожаршы» газеттері, «Алау» ТРК сияқты орталық және аймақтық БАҚ өкілдеріне берілді.  Конкурстық комиссияға елдің барлық өңірлерінен барлығы 61 өтінім келіп түскен болатын.

Былтырғы сияқты биылғы конкурстың басты тақырыбы - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауындағы айтылған тапсырмасының орындалуы және агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша мемлекеттің жүргізген жұмыстарының нәтижелерін жариялау. Конкурстың түпкілікті мақсаты - мемлекеттің АӨК саласында жүргізген жұмысы туралы жұртшылықтың ақпараттануын жоғарылату.

 «АГРО PR-2012»  конкурсына қатысу үшін республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының, телестудиялардың, ақпараттық агенттіктердің, веб-порталдардың өкілдері шақырылады.  Конкурсқа 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап 23 қарашаға дейін шыққан баспасөз және электрондық материалдар қабылданады, олар Холдингке 2012 жылдың 30 қарашасына дейін жіберілуі тиіс.  Өтінімдерді құрамына Холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының өкілдері кіретін конкурс комиссиясы қарастыратын болады, делінген холдинг таратқан ақпаратта.

Толық ақпаратты холдингтің сайтынан www.kazagro.kz немесе мына адреске G.Turzhanova@kazagro.kz .   хат ажзу арқылы алуға болады.