ҚазАгрода тиімсіз жобалардың қарызы 21 млрд. теңгеге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық холдингінде тиімсіз жобалар саны 24-ке жетті. Олардың қарызы 21 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бұл мәселені шешу үшін ҚР АШМ активтерді басқару қорын құруды жоспарлап отыр.

«Тікелей инвестициялар қоры нарығын дамыту үшін шетелдік инвесторларды тарту арқылы активтерді басқару қорын құру жоспарланды. Оның мақсаты  тиімсіз жобаларды пайдаға жарату. Бүгінгі таңда «ҚазАгро» және оның еншілес ұйымдарында осындай жобалардың саны 24, борыш сомасы - 21 млрд. теңге», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР АШМ басшысы Асқар Мырзахметов.

Оның сөзіне қарағанда, қор жұмысын іске қосу үшін «ҚазАгро» еншілес компаниясы «Экспо Агро» ЖШС бөлген 6,1 млрд теңге көлеміндегі игерілмеген бюджет қаражатын бағыттау ұсынылды.

Бұл мәселе республикалық бюджеттік комиссия отырысында қаралады.

Соңғы жаңалықтар