13:47, 02 Қаңтар 2010 | GMT +5
«ҚазАгроФинас» АҚ ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешендерін қаржыландыру сомасын арттыруды жоспарлап отыр
АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - «ҚазАгроФинанс» АҚ ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешендерін қаржыландыру сомасын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты аталған мекеменің баспасөз қызметі таратып отыр.

Онда «ауыл шаруашылығы техникалары мен арнайы техникаларды сатып алуды қаржыландырумен қатар өңдеуші саланы да қаржыландыру жалғасады. Сонымен қатар компания Қазақстанға аграрлық ғылымның жаңа жетістіктері мен ең үздік қазіргі заманғы технологияны тартуды басты назарда ұстайды», - делінген.
Сондай-ақ осы жылы «ҚазАгроФинанс» 6 бағыт бойынша Ұлттық қор қаржысынан инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастырады. Олар - ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру бойынша өндіріс ұйымдастыру, жұмыс істеп тұрған тауарлы-сүт фермалары, құс фабрикалары, жылыжай шаруашылықтары, жеміс-жидек қоймалары желісін құру және дамыту, тамшылатып суару арқылы жеміс-көкөністі дақылдар өндірістері.