«ҚазАгроҚаржы» 2009 жылдың егіс науқанына ауыл шаруашылық техникаларын жеткізу жұмысын тәмамдады.

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстандық «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингілік компаниясы биылғы жылдың егіс науқанына ауыл шаруашылық техникаларын жеткізу жұмысын тәмамдады,

 «ҚазАгроҚаржы» 2009 жылдың егіс науқанына ауыл шаруашылық техникаларын жеткізу жұмысын тәмамдады.
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Егіс жұмыстарының басталуына қарай республикамыздың түрлі агроқұрылымдарының қарамағына шамамен 200 трактор, толық жинақталған 53 егіс кешені, 70-тен астам сепкіш, сонымен қатар әр түрлі топырақ өңдегіш жабдықтардың кең ауқымды спектрі жеткізілді. Сөйтіп компания лизинг алушылар, жеткізушілер мен өндірушілер алдындағы 2009 жылдың егіс науқанын ауыл шаруашылығына қажетті техникалармен уақытында қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін толығымен орындады. Жалпы 2009 жылы әр түрлі ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға «ҚазАгроҚаржы» АҚ 19 млрд. 200 млн. теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Егіс науқанына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қазақстандық кәсіпорындармен қатар жақын және алыс шетелдердің жеткізушілерімен және өндірушілерімен келісім-шарт жасасты. Мысалы егіс жұмыстарының басталуына қарай қазақстандық ірі жер иеленушілер Минск трактор зауытынан 119 «Беларус» тракторын, 44 ХТЗ тракторын, Канада, АҚШ, Германия, Голландия өндірістерінің егіс кешендерін алды. Сонымен бірге қостанайлық «Агротехмаш» ЖШС зауыты жасап шығарған 21 К 744 Р1 тракторлары сатып алынды. Бұл техника осы жылдың басында 500 млн. теңге мөлшеріндегі бюджет қаражаттары есебінен тек қана отандық өндіріс өнімдерін сатып алу туралы «ҚазАгроҚаржының» шешіміне сәйкес сатып алынған болатын. Оның үстіне биыл қостанайлық кәсіпорыннан қосымша тағы да 20-дан астам жаңа трактор сатып алу жоспарлануда. Қазақстандық өндірушілердің ішінен инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде биылғы жылдың наурыз айында ауыл шаруашылық техникаларын құрастырып шығаруға конкурсты жеңіп алған жаңа «СемАЗ» компаниясы жөнінде айтып өтуге болады. Зауытта «Беларус» тракторының алғашқы партиясы құрастырылып та болды. Бүгінгі күні бұл өнімді өткізу жөніндегі мәселе «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша да шешіліп жатыр. Естеріңізге түсіре кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша биыл егіс алаңының көлемі 21 млн. гектарды құрайды. Соның ішінде дәнді дақылдар 16 млн. гектар алаңға егілмекші. Оның 13,3 млн. гектары ? бидайға арналған. Бұл ретте 2009 жылғы наурыз айының аяғына қарайғы жағдай бойынша республикамыздың АӨК субъектілерінде 150 мыңнан астам трактор, 91 мыңнан астам сепкіш және шамамен 330 мың әр түрлі топырақ өңдегіш жабдықтары болды. Ауыл шаруашылықтарына жеткізілген егіс техникаларынан басқа бүгінгі күні астық жинағыш комбайндар мен оларға қажетті жабдықтарды жөнелту және жеткізу жұмыстары одан әрі жалғасуда, сонымен қатар ендігі жылдың егіс науқанына арналған техникаларды сатып алуға келісім-шарттар жасау және оларды жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. Мысалы «ҚазАгроҚаржы» «Ростсельмашпен» жасасқан шартқа сәйкес 200-ден астам «Вектор» комбайнының жартысына жуығы шаруашылықтарға жеткізілген. Алдағы астық жинау жұмыстарына қарай «Агромашхолдинг» өндірісінің «Енисей» техникалары әлі де болса жеткізілуде. Германия мен АҚШ өндірістерінің шамамен 80 комбайнын, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорын «Агромашхолдинг» АҚ жасап шығарған «Есіл» астық жинағыш комбайндарын сатып алу туралы шарт жасасу жоспарланып отыр. Соңғы жылдары әр түрлі ауыл шаруашылық техникаларын жеткізу нарығындағы «ҚазАгроҚаржының» үлесі шамамен 40 пайызды құрайды. 2000 жылдан бастап еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің қажеттілігі үшін 14 мың бірлікке жуық техниканы сатып алу қаржыландырылған болатын. Оның ішінде ? 5 мыңға жуығы комбайн, 4 мың трактор және шамамен 700-і егіс кешені.«ҚазАгроҚаржы» АҚ ? ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты ? ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрамына енеді.