«ҚазАгроҚаржы» АҚ алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгроҚаржы» алаяқтарға алданып қалмауды ескертеді, деп хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметінен.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертеді

«Соңғы уақытта өздерін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, қарыз алу үшін құжаттарды ресімдеуге көмектерін ұсынатын үшінші тұлғалардың алаяқтық іс-әрекеттері тіркелгендігін назарларыңызға жеткіземіз. Сіздерден алаяқтардың қасақана жасаған арандатушылық әрекеттеріне ермеулеріңізді сұраймыз!

«ҚазАгроҚаржы» АҚ құжаттарды жинау, қабылдау және өңдеу жұмыстарын тек облыс орталықтарындағы және Қазақстанның ірі қалаларындағы өзінің ресми өкілдіктерінде - «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарында, сондай-ақ Астана қаласындағы орталық аппаратында ғана жүргізетінін ресми түрде мәлімдейді. Сіздерден қырағылық көрсетіп, алаяқтардың жетегінде кетпей, сақ болуларыңызды сұраймыз!», делінген хабарламада.

Барлық сұрақтар бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстан бойынша филиалдарына, сондай-ақ біздің www.kaf.kz. ресми сайтымызда көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау соғуға болады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторына қолдау жасау.