«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы

None
None
АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық холдинг» Басқармасының шешімімен «ҚазАгроҚаржы» отандық лизингілік компаниясы еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық жобаның операторы болып отыр,

оларды дамытуға шамамен 94 млрд. теңге қаржы бағытталмақшы, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«ҚазАгроҚаржы» биылғы жылдың маусым айынан бастап Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде жаңа перспективалық бағыттарды қаржыландыруға кірісті. Бұл жерде республикада мал бордақылау алаңдарының, ет өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды мал шаруашылықтарының (репродукторлардың) желілерін салу және оларды қайта тұрғызу, қазақстандық бидай экспортының және оны тереңдетіп өңдеу инфрақұрылымын дамыту, бидай қоймаларын салу және қайта жаңғырту, сонымен қатар мал сою пункттерінің желісін құру және жұқа жүн өндіру мен өңдеуді дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде сөз болып отыр.

Компания кәсіпкерлерден олардың жобаларын қаржыландыруға ендігі өтінім қабылдап, оларды қарай да бастады. Барлық жобалар бойынша қаржыландыру шарттары 8 жылдан 12 жылға дейін мерзіммен 6 пайыз мөлшерлеме және негізгі борышты өтеу бойынша екіжылдық жеңілдікті кезең.

Бүгінгі таңда инвестжобалар бойынша қаржы лимиті келесідей:

- инфрақұрылымы дамыған мал бордақылау алаңдарының желісін құру - 9.4 млрд. теңге;

- асыл тұқымды мал шаруашылықтарының (репродукторлардың) желісін құру-10,9 млрд. теңге;

- ваккумдық орамадағы блоктық ет және ірі кесекпен кесілген ет өндіретін ет өңдеу кешендерін құру - 1,6 млрд. теңге;

- қазақстандық бидай экспортының және оны тереңдетіп өңдеу инфрақұрылымын дамыту - 10,5 млрд. теңге;

- астық қоймаларын салу және қайта жаңғырту - 1 млрд. теңге;

- мал сою пункттерінің желісін құру - 500 млн. теңге.

- тауарлы-сүт фермаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту - 11,7 млрд. теңге;

- құс фабрикаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту - 14,7 млрд. теңге;

- жылыжай шаруашылықтарының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту - 15,7 млрд. теңге;

- көкөніс қоймаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту - 6,6 млрд. теңге;

- тамшылатып суару жүйесін қолданумен жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдары өндірісін дамыту - 6,8 млрд. теңге;

- ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру - 1,5 млрд. теңге;

- жемшөп өндірісін дамыту - 2,8 млрд. теңге;

Ауылдағы инвестициялық жобаларды іріктеу және оларды одан әрі қаржыландыруды «ҚазАгроҚаржы» АҚ Үкіметтің Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспары шеңберінде жүзеге асырады, соған сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді үдемелі дамытуға 2009 жылы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингісіне 120 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Компания 2009 жылдан бастап Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, қазіргі заманғы көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің желілерін құруға, сонымен қатар тамшылатып суару технологиясын енгізуге байланысты перспективалық жобаларды белсенді түрде қаржыландырып келеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram