«ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды.

Бұл туралы «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ғ.Т. Рахымжанов 1971 жылы 22 мамырда Солтүстік-Қазақстан облысында туған. Үш жоғары білімі бар. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін, Қарағанды Экономикалық университетін және М.Тынышпаев атындағы Көлік және коммуникация академиясын құқықтану, қаржы және несие, кәсіпорындағы экономика және басқару мамандықтармен бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Ғ. Рахымжанов Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК, «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «ҚазАвтоКөлік» АҚ жүйелерінде басшылық орындарда қызмет атқарды. 2011 жылы - Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі. 2011 жылғы мамырдан бастап 2012 жылғы мамырға дейінгі аралықта «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Мәскеу қ. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі.