«ҚазАгроның» 1 жобасы тауық еті импортының көлемін 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгроның» 1 жобасы тауық еті импортының көлемін 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАгро» ҰБХ басшысы Дулат Айтжанов мәлім етті.

«ҚазАгроның» 1 жобасы тауық еті импортының көлемін 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр мен Министрлер кабинеті мүшелеріне ұлттық холдингтің қызметі кеңінен баяндалғанын атап өткен ол: «Бүгінде холдингтің инвестициялық портфелінде жалпы құны 263 млрд. теңге болатын 417 жоба бар. Жалпы құны 198 млрд. теңге болатын 310 жоба пайдалануға берілді. 160 жоба 70 пайыздан асатын өндіріс қуаттылығына шықты, 11 мың жұмыс орны құрылды. 1 жұмысшының өнімділігі 13 мың долларды құрады. Бұл ортасалалық өнімділіктен 4 пайызға артық», - деді.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы холдинг 68 жобаны іске қоспақ. Оның 20-сы ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында пайдалануға берілді.

«Біз Үкіметті 1 жобаның жобалық қуатына шыққандағы тиімділігі жайында ақпарат бердік. 1 жоба өз қуатына шыққаннан кейін тауық еті импортының көлемін 20 пайызға, сүт және сүт өнімдері импортын 6 пайызға, жеміс-жидек өнімдері импорты көлемін 4 пайызға төмендететін болады», - деді ол.