«Каzахи» КВН командасы ақшалай жүлделерін қарағандылық Нияз Сүндеталивке бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен КВН-2017 Жазғы кубогының жеңімпаздары - «Каzахи» командасы өздерінің ақшалай жүлдесін мүмкіндігі шектеулі Нияз Сүндеталиевке бермек. Бұл туралы баспасөз мәслихатында аталған команданың өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шынында да соңғы екі жылда КВН ойындарының жеңімпаздары тиісті сыйақыны алады, ал нақты Юрмала фестивалінің және Жазғы кубогтың жеңімпазына екі есе көлемде, яғни 400 мың рубль тапсырылады»,-деді команда мүшесі Мәлік Хасенов.
Осы орайда команда өкілдері сыйақы түрінде алған жүлдені қайда жіберетіндіктерін хабарлады.
«Біз командамен ақылдаса келе, ресейлік банктен бір айдың ішінде түсетін барлық соманы нағыз батыр деп санауға лайықты адамға бермекпіз, яғни Нияз Сүндеталиевке бағыттаймыз. Ол осыған дейін өзінің қаржысын Аружан Саинның қорына тапсырған еді. Нияз үлгі боларлықтай адам, өзі қиындыққа тап болса да, операция тек екі жылдан кейін жасалатынын естіп, қажетті қадамды жасады. Сондықтан біз де дұрыс қадамға барып отырмыз деп санаймын»,-деді Хасенов.
Айта кетейік, ем-домына бірнеше жыл бойы жинаған 5,5 млн. теңгені Нияз Сүндеталиев Аружан Саинның «Мейірім» ерікті қоғамы» қорының шотына аударып жіберді. Бұл қаражат 2 жасар София Брусенская есімді бүлдіршіннің Сеулдегі еміне және басқа да науқас балаларға жұмсалды.