«Казахстанская правда» жетім балалардың арманын орындайды
АСТААН. ҚазАқпарат - «Арманыңа сен!» деген атпен «Казахстанская правда» интернет-басылымының мультимедиялық жобасы бастау алады. Онда Астанадағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері өздерін армандаған мамандықтары бойынша сынап көруіне болады, деп хабарлайды басылымға сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА.
Бірінші басылым порталда ертең, жұма күні шығады.
Ұшқыш, шабандоз, бағдарламашы, ғарышкер мамандықтар - қашанда балалардың ізгі арманы. Бәлкім, құдай жазып, бүгінгі жасөспірімдердің арасынан Нобель сыйлығының иегерлері, олимпиада жеңімпаздары, әйгілі саяхатшылар, музыканттар, суретшілер өсіп шығар.
Жобаға «SOS Астана балалар ауылында» тәрбиеленіп жатқан 8-12 жас аралығындағы 23 бала қатысады. Олар бір күнге «арманындағы мамандық бойынша жұмысқа шығып», оның атмосферасын сезініп көреді, ілкі нышандарының негізін қалайды. Оларға тәжірибелі кәсіби мамандар жетекшілік жасайды.
Жас полицей, өрт сөндіруші, футболшы және эстрада жұлдыздарының жұмыс күні қалай өтетіні бейнеленген видеороликтер Kazpravda.kz порталында әр жұма сайын жарияланып отырады. Оларды, сондай-ақ «Арманыңа сен!» арнайы бөлімінен де көруге болады.