«Казахстанская» шахтасының үш кеншісі метанмен уланып, ауруханаға жеткізілді

«Жапа шеккендер облыстық медицина орталығына жеткізілді. Үшеуінің денсаулығы қалыпты. Оларға орта деңгейде уланған деген диагноз қойылды»,-деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Бұдан бөлек тағы бір шахта жұмысшысы метанмен уланған, алайда оның жағдайы ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.
«1976 жылы туған шахта жұмысшысы осы кезде амбулаториялық ем қабылдауда», -деп хабарлады Айжан Иса.
Еске салып өтсек, полиция «Арселор Миттал Темиртау» акционерлік қоғамының Көмір ісі жөніндегі департаментінің «Казахстанская» шахтасында еңбекті қорғау ережесінің бұзылғандығы жөніндегі қылмыстық істі қарауда.
Аталған факт ҚК-тің 156 бабы, 4 бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне алып келген еңбекті қорғау ережесін бұзу» әрекеті ретінде бағаланды. Қылмыстық іс нақты бір адамға қатысты емес, тек бірнеше адамдар тобының бағытсыз жағдайға ұшырау фактісі бойынша қаралуда.