Қазақ аграрлық университетінде Елбасы Жолдауы талқыланды
АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда Елбасының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау қызу жалғасуда. Бүгін осындай шараның бірі Қазақ ұлттық аграрлық универсиетінде болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынды ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов ашып, биылғы Жолдаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Жолдауда көрсетілген міндеттерді университет ауқымында жүзеге асыру жоспарларын атап өтті. «Елбасы Жолдауда ауылшаруашылығы саласына өткен жылдар үлкен ауқымда көмек көрсетілгені туралы атап өтті. Елдің аграрлық саласын дамыту алдағы уақытта да басты міндеттің бірі болып қала береді. Сондықтан, біздің басты міндет - сапалы ауылшаруашлығы мамандарын дайындау. Сондай-ақ Жолдауда атап көрсетілген білім сапасын жақсарту. Баршаңызды осы бағытта жұмылып жұмыс істеуге шақырамын», деді ректор.
Шараға университеттің оқытушы-профессорлар құрамымен қатар қалалық және Медеу аудандық әкімшілігінің, «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салды.