Қазақ агротехникалық университеті аумағында студенттерге арналған 9 қабатты жаңа жатақхана салынады

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Бірер айлардан соң Астанадағы Қазақ агротехникалық университетінің аумағында студенттерге арналған 9 қабатты жаңа жатақхананың құрылысы басталады.
None
None

 Бұл туралы кеше университет ректоры Ақылбек Күрішбаев  мәлім етті.

«Биыл ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігі аталмыш мәселені шешу бойынша жасалған ұсынысымызды қолдап, 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлді.  Бірер айлардан соң ҚазАТУ аумағында студенттерге арналған 9 қабатты 592 орындық жаңа жатақхананың құрылысы басталады», - деп атап көрсетті ол.

А. Күрішбаевтың айтуынша, университетте тек студенттердің 45 пайызы ғана жатақханамен қамтамасыз етілген. Соңғы рет мұнда жатақхана 35 жыл бұрын, яғни 1977 жылы салынған.

«Бұл жағдай студенттік ортада үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Әсіресе, басқа қалалардан келген жастар үшін ауыр тиеді. Сондықтан да жатақхана мәселесі біз үшін аса өзекті», - деп атап көрсетті ол.

Соңғы жаңалықтар