11:46, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақ агротехникалық университетінде агрария саласының мамандары мен ғалымдардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде еліміздің бірқатар фермерлік шаруашылық басшылары мен агроном ғалымдардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік семинар өтті,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Солтүстік Қазақстанда астық дақылдарын өсірудің қазіргі технологияларын жетілдіру және жаңа технологияларды енгізу» тақырыбында өткен семинарға «Қуат-Агро» корпорациясы мен Солтүстік Қазақстан облысындағы 17 шаруашылықтың басшылары, А.И.Бараев атындағы Ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері, «Ауылшаруашылық дақылдарының бәсекелестігін арттыру» жобасын тарату және халықаралық СИММИТ орталықтарының өкілдері қатысты. Шара барысында Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының алғашқы иегері, ҚАШҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Мехлис Сүлейменовтың, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кейінгі 30 жылдағы қорытындылары және ғылыми-жұмыс нәтижелерін өндіріске енгізу мүмкіндіктері туралы университеттің топырақтану кафедрасының профессоры В.Черненоктың және тағы басқалардың баяндамалары тыңдалды. Семинардың қорытындысы бойынша «Қуат-Агро» корпорациясымен ықпалдастықты одан әрі жалғастыру және университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізу жөнінде келісім жасалды.