Қазақ агротехникалық университетіне жаңа басшы тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қайрат Айтуғанов «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің сайтына сілтеме жасап.
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Директорлар Кеңесімен «Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Қайрат Қапарұлы Айтуғанов тағайындалды.
Қайрат Қапарұлы 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын үздік тәмамдап, агроном ғалым біліктілігін алды.
2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «инженер - экономист» біліктілігі бойынша бітірген.
1990 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының күндізгі аспирантурасын бітірді
Экономика ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1984 жылы топырақтану кафедрасының ассистенті қызметінен бастады.
1987-1989 жылдар аралығында агроном, аға агроном-тұқым өсіруші, кеңшардың бас экономисі болып жұмыс істеді.
1990 жылдан 1992 жылдың қыркүйегіне дейін Қызылту аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары және Көкшетау облысы аудандық әкімшілігінің аудандық жоспарының төрағасы қызметтерін атқарды.
1996-2005 жылдары Көкшетау облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бөлім бастығы, Астана қаласындағы «Ақмола электржелілік тарату компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2005-2007 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы, Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің (Дүниежүзілік банк) «Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау» жобасын басқарды.
2007 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың шілдесі аралығында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік «ӘКК «ұлттық компаниясы» АҚ қаржы директоры, орынбасары, бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы лауазымдарында жұмыс істеді.
2012 жылдың шілдесінен 2016 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «ҚазАгро «Ұлттық басқарушы холдингі« АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Кәсіподақтар федерациясының Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2016 жылдың шілдесінен бастап ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетерлігі, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті құрамына А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы енді. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты бар.
Фото: assembly.kz