12:05, 31 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақ агротехникалық университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры тағайындалды
АСТАНА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болып биология ғылымдарының докторы, профессор Балғабай Сәдепұлы Майқанов тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ветеринарлық және санитарлық сараптама саласының маманы Б.Майқанов университет қабырғасында 1987 жылдан бері жұмыс істейді. Ол 130 ғылыми, ғылыми-әдістемелік жұмыстың, оның ішінде 9 оқу құралының авторы, 3 авторлық куәлік пен патенттің иесі. Сондай-ақ, ветеринария бойынша диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары, аспиранттар мен магистранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді. «Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Бұған дейін бұл қызметте экономика ғылымдарының докторы, профессор Рүстембаев Базархан Ергешұлы болды.