Қазақ ақпарат агенттігі «Ең белсенді БАҚ» болып танылды
АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақ ақпарат агенттігі «Ең белсенді БАҚ» ретінде жыл сайынғы «Ньюсмейкер Интерфакс-Қазақстан 2010» аталымының жеңімпазы атанды. Бүгін Алматыда ұлттық компанияның өкілдеріне арнайы диплом мен медаль табысталды.
Жиын барысында сонымен қатар, «Ньюсмейкер Интерфакс-Қазақстан 2010» аталымының бірнеше секторы бойынша және «БАҚ-қа арналған ең үздік шаралар», «Ең үздік Интерфакс-Қазақстан агенттігінің спикері», «Ең қайраткер журналист» аталымдарының жеңімпаздары марапатталды.
Интерфакс-Қазақстан агенттігінің бас директоры Оксана Суставованың айтуынша, «Ньюсмейкер Интерфакс-Қазақстан 2010» аталымы еліміздегі коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, қоғам қайраткерлері мен БАҚ-тың ақпараттық ашықтық принциптерін іске асыру жұмыстарын ынталандыру мақсатында тағайындалған.