Қазақ әртістері Қытайда өнер көрсетті

концерт
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдағы Қазақстан туризм жылы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Дэчжоу мен Ланфан қалаларында өнер көрсетті.

бишілер
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Елмұра Жаңаберген, Ардақ Балажанова, Салтанат Ахметова, Медет Чотабаев, Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Әділхан Макин, сондай-ақ «Гүлдер» және «Астана сазы» ансамбльдері қатысты.

концерт
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өнерпаздар дәстүрлі және заманауи ұлт мәдениеті мен руханиятын таныстырып, отандық композиторлар мен халық әндерін шырқап, қазақтың киелі қара домбырасы мен қылқобызы арқылы ұлттық өнерімізді Қытай жұртшылығына паш етті.

биші
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аталмыш іс-шара бейбітшілік пен келісімді мақсат тұтқан көрші халықтардың екіжақты қатынасының дамуына, ұлттар достығы мен сыйластығының артуына серпін береді.

Артисты «Қазақконцерта» выступили в Китае
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

 


 

Соңғы жаңалықтар