«Қазақ аруы-2016» байқауында атыраулық бойжеткен жеңіске жетті (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан бірер сәт бұрын Астанада «Қазақ аруы-2016» байқауы мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені атыраулық Альмира Ахатова иеленді, деп хабарлайды 24.kz.

Ол Астанадағы медициналық университеттің ІІІ курс студенті. Жалпы, байқауға 21 үміткер қатысып, бақ сынаған еді. Үміткерлерге қойылған басты талап ана тілі мен тарихын жетік білуі болатын.

Сондай-ақ сыртқы сұлулық пен ішкі әдеміліктің үйлесімділігі де негізгі қағиданың бірі. Жалпы, бастапқыда байқауға 600-ге жуық ару қатысуға ниет білдірген.

Сайыстың толық нұсқасын көрермендер «Хабар» арнасынан наурыздың 22-сі күні сағат 21:30-да тамашалай алады.
null null null null

Соңғы жаңалықтар