Қазақ әйелдерінің ішінде Маргарет Тэтчер, Индира Гандиден кем түспейтін тұлғалар бар – ҚКХП өкілі
Пікірталасқа қатысушыларының айтуынша, Маңғыстауда мемлекеттік ұйымдардың 20 процентін әйелдер басқарады. Көрсеткіш өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары. Алайда, тұрғындардың 52 пайызын нәзік жандылар құрайтын аймақ үшін бұл әлі де жеткіліксіз, дейді коммунистік партия өкілдері.
«Әйелдердің мемлекет ісіне араласуына қолдау көрсетілсе, қазақ әйелдерінің ішінен де Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Беназир Бхуттодан кем түспейтін тұлғалар шығады», - деп атап өтті ҚКХП Маңғыстау облыстық филиалының бірінші хатшысы Роза Махамбетова.
Оның сөзіне қарағанда, «әйелдердің барлығына бірдей құқық беріп, бәрін билік ісіне араластырсақ, ол бізге қандай табыс әкеледі» деп ойлайтын ер азаматтар да кездеседі.
«Әрине, қоғамда әйелдердің гендерлік теңдік мәселесін әртүрлі түсінетін көзқарастар, тіпті қайшылықтар бар»,- деді Роза Махамбетова.