«Қазақ айнасы» жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Абай мұражайының кітапханасы» сериясымен Шәкәрім Құдайбердіұлының 1912 жылы жарық көрген «Қазақ айнасы» атты шығармалар жинағының факсимильді басылымы Абай мұражайында жарық көрді. Шәкәрім шығармаларының өз қолжазбалары бізге жетпегендігі барша қауымға белгілі. Сол себепті ақынның көзі тірісінде басылған кітаптардағы мәтінді түпнұсқа ретінде қарау дұрыс деп ойлаймыз.
None
None

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығарма­шы­лығының ақталуы туралы Үкіметтің арнаулы қаулысы қабылданғаннан бері ширек ғасыр уақыт өтті. Осынау 25 жыл ішінде ақын шығармалары әртүрлі баспалардан кітап болып басылып шықты. Әр жерде сақталған ақын шығар­ма­ларының қолжаз­ба­лары негізінде жа­рық көрген бұл ба­сы­лым­дардың кем­шілік­тері де жоқ емес. Осындай кемшілік­терді әу баста газет-журналдарға басыл­ған ақын шығар­мал­а­рынан көрген Қ.Мұхамед­ханов өзінің «Біздің міндет» атты мақала­сында сынға алған еді. Одан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлының алғашқы жинақтары 1988 жылы «Жазушы» және «Жалын» баспаларынан жарыққа шыққан кезде «Құдай» деген сөзден құдай сақта­сын...» деген мақаласы жарық көреді. Осы аталған екі мақала да Шәкәрім шығар­ма­лары оқыр­манға қатесіз, бұрмаланбай, түпнұсқадан айнытпай жетсе екен деген ой­мен жазылған еді. Өкінішке орай, сол алғашқы жинақ­тардағы кеткен мәтіндік қателер кейінгі басылымдарда сол қал­пында кездесетіні қынжылтады. Мәтіндегі қателермен бірге, өлеңдерді де бірнеше бөлікке бөліп жібергендігі де анық­талды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ айнасы» жинағына енген шығармалары 1988 жылдан бері жарық көрген жинақ­тар­дың ешқайсысына да толықтай кір­меген.

Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердиевтің жеке архиві 1986 жылы Мәдениет минис­тр­лігінің арнайы шешімімен Абай мұра­жайы­ның қорына жеке коллекция болып қабылданды. Осы коллекциядағы қолжаз­балар­дың ішінде Ахат Құдай­бер­диевтің әке­сі Шәкәрімнің кітабын қазіргі әріпке аудар­ған қолжазбасы бар.

Абай мұражайы баспаға дайындаған кітапта ақынның өзі көзі тірісінде 1912 жы­лы шыққан жинақ факсимиле күйінде және қазіргі қазақ әрпіне Ахат Шәкәрім­ұлының Абай мұражайының қорында сақтаулы осы аударма қолжазбасы не­гізінде беріліп отыр. Кітапта түпнұсқа кітаптың беті және сол бет­тегі мәтіннің аудармасы қатар беріл­ген.

Г.СЫДЫҚОВА

Соңғы жаңалықтар