Қазақ балуандары әлем чемпионатынан тағы екі медаль алды

АММАН. KAZINFORM — Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар Едіге Қасымбек пен Бақдәулет Әкімжан үздіктер қатарынан көрінді. 

күрес
Фото: ҰОК

Еркін күрестен 65 келі салмақта сынға түскен Бақдәулет Әкімжан кіші финалда грузиялық балуаннан басым түсті.

Бақдәулет Әкімжан
Фото: ҰОК

Бұл — аталған сында еркін күрес шеберлері жеңіп алған алғашқы жүлде. 

Грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс, әйелдер күресінің өкілдері 3 қола медаль еншілеген болатын. 

Ал Едіге Қасымбек 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынаған Едіге финалда америкалық спортшыға есе жіберді. 

Еске салсақ, бұған дейін Иордания астанасы Амман қаласында 17 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қос қола медальге қол жеткізгенін жазған едік. 

Кейіннен еркін күрес шеберлері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 

Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында 6 жүлде бар.