Қазақ балуандары Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы екі медальді жеңіп алды
ТАШКЕНТ. 21 мамыр. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстан споршылары грек-рим, еркін күрес және қыздар күресі бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы екі медальді жеңіп алды.
Бұрын хабарлағанымыздай, Ташкентте грек-рим, еркін күрес және қыздар күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыстарға құрлықтың 22 елінен балуандар жиналды.
Жарыстың екінші күнінде Қазақстан спортшылары Дәулет Шабанбай (96 кг салмаққа дейнгі) мен Айым Әбділдина (55 кг салмаққа дейін) қола жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасының өкілдері Гүлмира Ысқақова (51 кг салмаққа дейнгі), Эльонора Әбутәліпова (48 кг салмаққа дейінгі) және Асхат Құсепов (120 кг салмаққа дейнгі) өкінішке орай қарсыластарынан жеңіліс тапты.
Жарыстардың екі күнгі нәтижесі бойынша еркін күрестен командалық есепте Өзбекстан бірінші, Иран екінші, Моңғолоия үшінші, Қазақстан төртінші орындарда келе жатыр.
Сенбі, 21 мамыр күні чемпионатта 59,63,72 кг салмаққа дейінгі қыздар, сондай-ақ 55,60 кг салмаққа дейінгі греук-рим күресінің өкілдері боз кілемге шығады.