Қазақ балуаны Моңғолияның «Лашын» атағын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия халық революциясының 96 жылдығына арналған ұлттық мерекегеорай өткен балуандар бәсекесінде қандасымыз Серік Бердімұратұлы «Лашын» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Моңғолиялық KAZNEWS сайтына сілтеме жасап.

Қазақ балуаны Моңғолияның «Лашын» атағын жеңіп алды

Баян-Өлгей аймағының тумасы Серік Бердімұратұлы белгілі моңғол балуаны Т.Баасанхүүді жығып, мемлекеттік «начин» (лашын) атағына ие болды.

Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы өткен жылғы мемлекеттік мерекедегі жарыстың бесінші кезеңінде Моңғолия  чемпионы  Э.Оюунболд-дан жеңілген болатын. 

null