19:00, 12 Шілде 2017 | GMT +5
Қазақ балуаны Моңғолияның «Лашын» атағын жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия халық революциясының 96 жылдығына арналған ұлттық мерекегеорай өткен балуандар бәсекесінде қандасымыз Серік Бердімұратұлы «Лашын» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Моңғолиялық KAZNEWS сайтына сілтеме жасап.
Баян-Өлгей аймағының тумасы Серік Бердімұратұлы белгілі моңғол балуаны Т.Баасанхүүді жығып, мемлекеттік «начин» (лашын) атағына ие болды.
Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы өткен жылғы мемлекеттік мерекедегі жарыстың бесінші кезеңінде Моңғолия чемпионы Э.Оюунболд-дан жеңілген болатын.