Қазақ баспасөзі тағы бір қоғамдық-саяси апталық газетпен толықты

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін қазақ баспасөзі тағы бір талғамы биік, талабы зор апталық газетпен толықты.

Қазақ баспасөзі тағы бір қоғамдық-саяси апталық газетпен толықты

20 000 данамен шығатын «ҰЛТ TIMES» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы белгілі журналист Амангелді Қияс.

Газет бетіндегі қосымша айдарлардың қос сөздерден құралуы газеттің өзіндік ерекшелігін айқындайды. Басылымның алғашқы санына «Жай-жапсар» айдарымен «Абайға әсіре әспеттің қажеті жоқ», «Қадір-қасиет» айдарында «Әжелеріміз әу десе, әлем-жәлемдерің әдіре қалады», «Қым-қуыт» айдарында «Қазақ буржуазиясы», «Бүге-шіге» айдарында «Өкпесі қысылған Алматы», «Әл-ауқат» айдарында «Қаржы дағдарысы-2: Мәсімов Үкіметі нені ескеруі керек?» атты мақалалар жарық көрген.

«Нақпа-нақ», «Әңгіме-дүкен», «Қым-қуыт», «Әл-ауқат», «Тағдыр-тауқымет», «Түп-тұқиян», «Ел-жұрт», «Салт-сана», «Жайма-шуақ»  сынды газеттегі бет атаулары қоғамның түйткілді мәселелерін көтеруді мақсат тұтады.