Қазақ батырлары әлем мықтыларын тізе бүктірді

Бұл - осындай жоғары деңгейдегі екінші кездесу. Біріншісі көктемде өтіп, 5:5 есебімен аяқталған болатын.
Өкінішке қарай, кештің басты жекпе-жектерінің бірі болуы тиіс Ержан Естанов пен Расул Мырзаев арасындағы айқас өтпей қалды. Ресейлік спортшы әлеуметтік желілер арқылы жанкүйерлерге бейнеролигін жолдап, жекпе-жекке қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады.
Жалпы, көрермендер барлығы 12 айқастың куәсі болып, соның жетеуі жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды, деп хабарлады alasharena.kz.
«Ұлы майдан» нәтижелері:
57 келі: Қайрат Ахметов - Тацуе Ванатабе (Жапония)
61 келі: Асылан Тоқтарбаев - Кевин Крум (АҚШ)
66 келі: Арман Оспанов - Евгений Леничев (Ресей)
68 келі: Ержан Естанов - Аслан Шаов (Шешенстан)
70 келі: Сирожиддин Ешанбаев - Саид-Хамзат Авхадов (Шешенстан)
75 келі: Христас Муратиди - Лоик Раджабов (Тәжікстан)
75 келі: Ақтілек Жұмабекұлы - Азиз Абдулвахабов (Шешенстан)
78 келі: Махир Мамедов - Магомед Нұров (Ресей)
84 келі: Игорь Свирид - Рашид Әлиев (Дағыстан)
84 келі: Әділ Боранбаев - Данияр Бабақұлов (Қырғызстан)
93 келі: Қылышбек Сарқарбаев - Олим Элджанов (Тәжікстан)
105 келі: Азамат Баходурзада - Лом Али Медиев (Шешенстан)