Қазақ боксшыларының фотосы Париж көшелеріне ілінді

ПАРИЖ. KAZINFORM — Қазақстандық боксшылардың фотосы Олимпиада қарсаңында Париж төріне ілінді. Бұл жайында Қазақстан бокс федерациясынан хабарланды. 

бокс
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Атап айтқанда, Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрбек және Айбек Оралбайлардың фотосы Париж көшелеріне ілінген. 

бибосын
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Еске салайық, қазақ боксшылары Парижге кеше, 21 шілдеде аттанды.

Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты. Бортта он олимпиада үміті, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері бар.

25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр.

Ерлерден Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғаса, әйелдерден Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова үш салмақта шаршы алаңға шығады. 

бокс
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыздың алғашқы легі Париждегі олимпиадалық қалашыққа барып үлгерді. 

Айта кетейік, 4 күннен кейін төрткүл дүние көз тігетін төртжылдық дода басталады.

Қазақстан құрамасы аталған ойындарға спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алған. 

Соңғы жаңалықтар