01:09, 01 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қазақ боксшылары ӘЧ-ның финалында кімдермен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия елінің Гамбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында өз салмақтарында алтын медаль үшін таласатын қазақстандық боксшылар Қайрат Ералиев пен Әбілхан Аманқұлдың финалдағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қайрат Ералиевтің қарсыласы америкалық Дюк Раган болмақ. Ол жартылай финалда үндістандық Гаурава Будхуриді 5:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Ал Қайрат өз кезегінде ағылшын боксшысы Питер Макгрейлді ұтқан еді.
Ал 75 келіге дейінгі салмақта ақтық сайысқа жолдама алған Әбілхан Аманқұл украиндық боксшысы Александр Хижнякпен қолғап түйістіреді. Ол бұған дейін америкалық Троя Айслиді 4:1 есебімен жеңді.