Қазақ боксшылары «Chemistry Cup» туриріне қатысып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Германияның Галле қаласында «Chemistry Cup» туриріне қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Кіші әлем чемпионаты» саналатын Галледегі халықаралық турнирде әлемнің 14 елінен 74 боксшы қатысуда. Оның 10-ы Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын қазақ боксшылары.

Турнирдің алғашқы кездесуінде Қайрат Ералиев украиналық Владислав Веточкиннен айласын асырса, 69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов нидерланд боксшысы Джеймс Деланоны, Әбілхан Аманқұл неміс боксшысы Артур Оганянды айқын басымдылықпен жеңді.
 

Ал бүгін «Chemistry Cup» турнирінде тағы үш боксшымыз шаршы алаңға шығады. 64 келіге дейінгі салмақта Бекдәулет Ибрагимов монаколық боксшы Микаллеф Хугомен жолығады. 81 келіге дейінгі салмақта Әділбек Ниязымбетов неміс боксшысы Абдулрахман Абу-Людбехпен жұдырықтасады. Ал 91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қонқабаев 1/8 кездесулерде АҚШ боксшысы Соломон Никосимен қолғап түйістіреді.

Соңғы жаңалықтар