Қазақ боксшыларының олимпиадалық шежіресі

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Оқырман назарына отандық боксшылар қол жеткізген олимпиадалық жеңістердің жылнамасын ұсынамыз.

Қазақ боксшыларының олимпиадалық шежіресі

Олимпиада ойындарының тарихында боксшыларымыздан көп медаль жеңіп алған ешбір спорт түрі жоқ. Олардың қатарында Серік Қонақбаев, Виктор Демьяненко, Болат Жұмаділов, Ермахан Ыбырайымов, Василий Жиров, Бекзат Саттарханов, Бақыт Сәрсекбаев сынды танымал есімдер бар. Айта кетейік, спорт тарихында екі қазақстандық Олимпиада медальдарын ұтып қана қоймай, төртжылдықтың басты спорт додасының ең мықты, ең үздік боксшысына берілетін Баркер кубогын да иеленген болатын. Бұл награданы 1996 жылы АИБА-ның сол кездегі президенті Ануар Чаудри Атлантада өткен Олимпиада соңында Баркер кубогын Василий Жировқа табыс етті. 2004 жылы Афиныда аталмыш аса жоғары награданы Бақтияр Артаев алды.

Мәскеу, 1980 жыл

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) А. Эррера (Куба)

2) Виктор ДЕМЬЯНЕНКО (КСРО)

3) К. Адах (Польша)

3) Р. Новаковски (ГДР)

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) П. Олива (Италия)

2) Серік ҚОНАҚБАЕВ (КСРО)

3) X. Агилар (Куба)

3) Э. Уиллис (Ұлыбритания)

СЕУЛ, 1988 жыл

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Л. Льюис (Канада)

2) Р. Боу (АҚШ)

3) Александр МИРОШНИЧЕНКО (КСРО)

3) Я. Заренкевич (Польша)

АТЛАНТА, 1996 жыл

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) М. Ромеро (Куба)

2) Болат ЖҰМАДІЛОВ (Қазақстан)

3) А. Пакеев (Ресей)

3) З. Лунка (Германия)

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Э. Винент Чарен (Куба)

2) О. Уркал (Германия)

3) Болат НИЯЗЫМБЕТОВ (Қазақстан)

3) Ф. Миссауи (Тунис)

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Д. Рид (АҚШ)

2) А. Дуверхель (Куба)

3) Ермахан ЫБЫРАЙЫМОВ (Қазақстан)

4) К. Төлеганов (Өзбекстан)

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Василий ЖИРОВ (Қазақстан)

2) Ли Сунг Бай (Оңтүстік Корея)

3) Т. Ульрих (Германия)

3) А. Тарвер (АҚШ)

СИДНЕЙ, 2000 жыл

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) В. Понлид (Таиланд)

2) Болат ЖҰМАДІЛОВ (Қазақстан)

3) Ж. Тома (Франция)

3) В. Сидоренко (Украина)

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Бекзат САТТАРХАНОВ (Қазақстан)

2) Р. Хуарес (АҚШ)

3) К. Джумалутдинов (Ресей)

3) Т. Тамсамани (Марокко)

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Ермахан ЫБЫРАЙЫМОВ (Қазақстан)

2) М. Симион (Румыния)

3) Д. Тэйлор (АҚШ)

3) П. Тонгбуран (Таиланд)

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) О. Харрисон (Ұлыбритания)

2) Мұхтархан Ділдәбеков (Қазақстан)

3) Р. Саидов (Өзбекстан)

3) П. Видоз (Италия)

АФИНЫ, 2004 жыл

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Марио Кинделан (Куба)

2) Амир Хан (Великобритания)

3) Серік ЕЛЕУОВ (Қазақстан)

3) Мурат Храчев (Ресей)

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Бахтияр АРТАЕВ (Қазақстан)

2) Лоренцо Арагон (Куба)

3) Олег Сайтов (Ресей)

3) Ким Чжунг Чжо (Оңтүстік Корея)

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Гайдарбек Гайдарбеков (Ресей)

2) Геннадий ГОЛОВКИН (Қазақстан)

3) Сурия Прасатхинпхимай (Таиланд)

3) Андре Диррелл (АҚШ)

БЕЙЖІҢ, 2008 жыл

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Бақыт САРСЕКБАЕВ (Қазақстан)

2) Карлос Бантер Суарес (Куба)

3) Силаму Ханати (Қанат Ислам, Қытай)

3) Ким Джун Джу (Оңтүстік Корея)

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

1) Чжан Сяопин (Қытай)

2) Кеннет Иган (Ирландия)

3) Еркебұлан ШЫНӘЛИЕВ (Қазақстан)

3) Тони Джеффрис (Ұлыбритания)