Қазақ боксшысы кәсіби спорттағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін АҚШ-тың Шарлотт қаласында Қазақстанның тағы бір боксшысы кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстанның кәсіби боксы» әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Қазақ боксшысы кәсіби спорттағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады

Екінші орта салмақта (76,2 келі) ел намысын қорғауға бел буған Еділ Қожамбердиев төрт раундтық кездесуді өткізді. Алайда бұл жекпе-жекке екінші раундқа да жеткен жоқ. Еділ Қожамбердиев бірінші раундта өз қарсыласын нокаутқа түсірді. Оған қарсы америкалық Кавариус Хаскинс шыққан болатын. Осылайша, Қазақстанның тағы бір боксшысы кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін жартылай орта салмақта Дәулет Дәукенов ресейлік боксшы Аxматбек Абдуллаевты жеңіп, кәсіби бокстағы мансабын сәтті бастаған болатын.