Қазақ боксшысының қарсыласын бапкері ортаға орамал лақтырып құтқарып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев кезекті айқасында (9-0, 3 КО) екінші раундта жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол Американың Калифорния қаласында жергілікті боксшы Эвинци Диксонмен (7-12-2, 2 КО) жұдырықтасып, екінші раундта жеңіске жетті.
Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек бар жоғы екі раундта мәресіне жетті. Қазақстандық боксшының жуан жұдырығынан оңбай таяқ жеген Эвинци Диксоны жаттықтырушылары шаршы алаңға орамал лақтырып, құтқарып алды.
Бұл Руслан Мәдиевтің кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісі. Оның төртеуін уақытынан бұрын аяқтаған.