Қазақ боксына 84 жыл: Чемпиондар Астанада бас қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ боксына 84 жыл толуына орай Астанадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында ірі шара өтті. Онда гүрзі жұдырықты әрі «жұлдызды» боксшылар жанкүйерлерімен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақ боксына 84 жыл: Чемпиондар Астанада бас қосты

«Керуеннің» іші бүгін керемет көңіл-күйге толып, Бокс күні есте қаларлық ерекше форматта аталып өтті. ҚР Бокс федерациясы шараға қазақ боксшысың жұлдыздары Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Василий Левит пен күрестің чемпионы Гүзәл Манюрованы арнайы шақырған екен. Шара барысында қазақ эстрадасында өз орны бар Жүгінісовтер отбасы ән шырқап, көптің көңілін көтерді.


«Жазғы олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарының тарихында Қазақстандай Азияда көп жүлдеге ие болған мемлекет жоқ. Біз Азияда бокстан көшбасшымыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында биік шыңдарды бағындырып келеміз. Елбасы спортқа көп көңіл бөледі. Бірақ, бұл жеңістерге Сіздерсіз жетпес едік. Сіздер бізге зор шабыт бересіздер. Барлықтарыңызға зор алғысымды білдіремін», - деді Лондон Олимпиадасының чемпионы, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев.

Жанкүйерлерге Данияр Елеусінов, Василий Левит пен күрестен Олимпиада жүлдегері Гүзел Манюрова да ізгі тілегін білдірді. Шара соңында көпшілік спорт саңлақтарымен фотосуретке түсу мүмкіндігіне ие болды.