Қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлы туралы деректі фильм түсірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда қазақ боксының негізін салушы Шоқыр Бөлтекұлының 100 жылдығына орай азаматты еске алу шарасы болып өтті. Оған Шоқыр Бөлтекұлының төл шәкірті Серік Әбденәлиев, Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, «Алаш прайд» жекпе-жек клубының жетекшісі Данияр Қасқарауов сияқты елге танымал азаматтар қатысты.

Қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлы туралы деректі фильм түсірілді

Еске алу шарасы барысында, Шоқыр Бөлтекұлына арналған деректі фильм дүйім жұрттың назарына ұсынылды. Бұл фильмнің түсірілім жұмыстарына қатысып, жарыққа шығарғандардың қатарында С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Рауан Оқас, спорт журналистері Асқар Ағатаев, Серік Ноянбайұлы, Мадияр Арыстанбаевтарды ерекше атап өтуге болады. Деректі фильм Шоқырдың өзі туған Жармыш ауылында, балалық шағы өткен Форт-Шевченкода түсірілген.

null  

Туындыдағы эпизодтардың бірінде Шоқыр Бөлтекұлының бейнесін танымал боксшы Жанқош Тұраров сомдаған. «Фильмнің өзі жақын уақытта отандық телеарналардың бірінен көрермендердің назарына ұсынылады. «Шоқыр Бөлтекұлы сияқты бірегей тұлғаның 100 жылдығын атап өтуді өзімізге парыз санап, қолымыздан келетіні деректі фильмді түсіріп шықтық. Осы орайда бізге қолдау көрсеткен Маңғыстау бокс федерациясына ерекше алғыс білдіреміз. Қараша айында «Қазақ боксының атасы» атты туынды көпшілік назарына тарту етіледі»,- деді фильм сценариінің авторы Серік Ноянбайұлы.

null